Ақтөбеде лаңкестер тобын жою операциясы өтті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде лаңкестер тобын жою операциясы өтті (ВИДЕО)

10.06.2016
Ақтөбеде лаңкестер тобын жою операциясы өтті (ВИДЕО)

Ақтөбе қаласы Некрасов көшесі бойынша лаңкестерді жою бойынша арнайы операция өтті.

Бүгін қаланың ескі бөлігінде Некрасов көшесі-Әйтеке би бұрышында қылмыскерлерді жою арнайы операциясы өтті. Күдіктілер «Отырар» сауда үйінің ғимаратындағы пәтерлердің біріне тұрақтаған.

ҚР ҰҚК мәліметі бойынша, 5 лаңкестің көзі жойылған.

Қазір Әйтеке би көшесі бойынша көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Бірақ Некрасов көшесіндегі жол бөлігі жабық.

Хабарламаларға жазылу