Бақытбек Смағұл: Бейбіт өмір Қарулы Күштердің қай-қайсысының да жауапкершілігін жеңілдетпейді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытбек Смағұл: Бейбіт өмір Қарулы Күштердің қай-қайсысының да жауапкершілігін жеңілдетпейді (ВИДЕО)

07.05.2017

Күні кеше Ақтөбеде болған лаңкестік оқиға сияқты тосыннан келген жауға қарсы тұруға біздің әскер дайын ба?

Бұл сауалға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл былайша жауап берді.

«Күн бейбіт дегенмен де, бұл Қарулы Күштердің қай-қайсысының да жауапкершілігін жеңілдетпейді. Қашанда қырағылық танытуға тиіс. Ақтөбедегі оқиғада сасқалақтап қалған кез болды. Себебі, қақпаны бұзып кірген лаңкестер бірден оқ жаудыра бастады.

Батыс елдері ядролық қаруларымен, техникасымен сес көрсетеді. Сондықтан, мамандандырылған әскер мамандықтың санымен емес, сапасымен іріктелуі керек. Сондай-ақ, келісім шартпен тұрған әскерилердің барлығы күнделікті сынақтан атудан бөлек, басқа да жаттығу түрлерінен мүдірместен өтіп тұруы шарт. Бұл жерде «төмен» деген баға болуға тиісті емес».

Еске сала кетейік, «1 Студия» саяси ток-шоуы бүгін ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығы туралы ой өрбітті.

Хабарламаларға жазылу