Түрік әскері 597 «лаңкесті» жойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік әскері 597 «лаңкесті» жойды

30.01.2018

Түркия қарулы күштері «Зәйтүн бұтағы» операциясы кезінде 597 «террористің» көзін жойды. Бұл әскери науқан қаңтардың 20-да Сирияның солтүстігіндегі Африн ауданында басталды. Түркия армиясына Сирия оппозициясының мыңдаған мүшесі көмектесіп жатыр. Екі жақ бірігіп, күрд отрядтарын Түрік Республикасының шекарасынан мейлінше ығыстырмақ. Өйткені, Анкара сириялық күрд содырларын Түркияның өз ішінде ондаған жылдар бойы тәуелсіздік үшін күрескен «Күрдістан жұмысшы партиясының» жалғасы немесе «лаңкестер» деп есептейді. Ал, өткен тәулікте түрік әскері Афринде маңызды стратегиялық нүкте Барсая тауын басып алғанын хабарлады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу