Сирия жөніндегі келіссөздер 29 қаңтарда басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирия жөніндегі келіссөздер 29 қаңтарда басталады

26.01.2016
Сирия жөніндегі келіссөздер 29 қаңтарда басталады
Сириядағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер жұмаға қалдырылды. Яғни, олар қаңтардың 29-да Женева форматында өте бастайды. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура Женевада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, алдағы кездесуде талқыланатын негізгі тақырыптар - атысты тоқтату, «Даиш» қарулы тобын жою және соғыс болып жатқан аудандарға гуманитарлық көмек жеткізу.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу