Ақтөбеде террористерді ұстау операциясы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде террористерді ұстау операциясы жалғасуда

10.06.2016
Ақтөбеде террористерді ұстау операциясы жалғасуда

Ақтөбеде террористерді ұстау операциясы жалғасуда, - деп хабарлайды BNews.kz. 

ҚР Терроризмге қарсы орталығы 10 маусым күні Ақтөбе қаласындағы террорлық актіге қатысы бар деген күдіктілерді ұстау операциясын жалғастыратынын хабарлады.

«Өз еріктерімен берілу туралы ұсынысқа жауап ретінде олар қарулы қарсылық көрсеткен. Қазіргі уақытта шаралар жалғасуда, нәтижесі қосымша хабарланатын болады», - делінген ҚР терроризмге қарсы орталық таратқан хабарламада.

Террористерге күш қолданылатын жағдайда халықтың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.

Хабарламаларға жазылу