Ковидке қарсы қазақстандық вакцинамен егілгенім жоқ – Алексей Цой
Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифинг кезінде журналистер Қазақстан ғалымдарының коронавирус инфекциясына қарсы жасаған вакцинасы туралы сұрақ қойды. Дәлірек айтсақ, журналистер сынақ ретінде вакцина алған шенеуніктер арасында ДСМ басшылығы бар ма деп сұрады.
«Қазақстан ғалымдары жасап шығарған вакцина қазір әртүрлі сынақтан өтіп жатыр. Менің білуімше, министрліктің әкімшілігінде ешкім ол вакцинаны сынақтан өткізген жоқ. Соның ішінде мен де. Вакцина алдымен әртүрлі сынақтан өтуі тиіс», - деді Алексей Цой.
Айта кетейік, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бір ай бұрын қазақ ғалымдары шығарған вакцинаны өзіне еккізген. Бірақ, министр ол туралы жуырда ғана мәлім етті. Ол бір ай ішінде денсаулығында ешқандай өзгеріс болмағанын айтады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «Нұр шашу» атты халықаралық көрме ашылды
13.04.2026, 20:45
Бозжыра шатқалында визит орталық құрылысы аяқталды
13.04.2026, 20:42
«Aq Niet» ерікті дәрігерлер тобы жұртты тегін емдеп жүр
13.04.2026, 20:35
Қостанай облысында 31 адамды кене шаққан
13.04.2026, 20:34
Covid-19: Жаңа штамм анықталған жоқ
13.04.2026, 20:33
Биыл 400 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
13.04.2026, 20:30
Алаяқтықтың дені интернет арқылы жасалады
13.04.2026, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
13.04.2026, 20:16