Пандемия басталғалы Қазақстан 182 медицина қызметкерінен айырылды - Алексей Цой
Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен брифинг өтуде.
«Өкінішке қарай, пандемия басталғаннан бері Қазақстан 182 медицина қызметкерінен айырылды. Аймақтық комиссиялар 58 отбасының өтемақы төлеу туралы өтінішін мақұлдады. 36 отбасы өтемақы алды», - дейді министр.
Сонымен қатар, Алексей Цойдың айтуынша, елімізде 12 830 дәрігер коронавирус не пневмония жұқтырған. Бірақ, аймақтық комиссиялар 13 мыңға жуық дәрігердің 8 399-ы ғана қызмет бабында ауру жұқтырды деген қорытынды шығарған.
«2020 жылдың 30-қыркүйегіндегі жағдай бойынша, елімізде 12 830 медицина қызметкері коронавирус және пневмониямен ауырып шықты. Олардың ішінде 8 339 дәрігер жұмыс кезінде вирус жұқтырды деген қорытынды бар. Қызмет кезінде ауырғаны үшін 3 454 адамға өтемақы төленді», - дейді министр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанның әл-ауқат көрсеткіші артқан
25.12.2025, 20:58
Жылан жылында ел есінде қалған елеулі оқиғалар
25.12.2025, 20:57
«Қазақ әлемі 2» фильмі көрерменге жол тартты
25.12.2025, 20:54
Спорттағы жетістіктер
25.12.2025, 20:47
Қостанай облысында оңалту орталығы ашылды
25.12.2025, 20:33
Мал бордақылауға тиімді несие қарастырылған
25.12.2025, 20:30
«Болашақ» бағдарламасымен Жи және атом энергетикасы мамандары да білім алады
25.12.2025, 20:13
Сенат банк қызметіне қатысты заңды Мәжіліске қайтарды
25.12.2025, 20:09