Атырауда аудандық ТКШ бөлімінің басшысына 48 млн. теңге айппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда аудандық ТКШ бөлімінің басшысына 48 млн. теңге айппұл салынды

09.06.2016
Атырауда аудандық ТКШ бөлімінің басшысына 48 млн. теңге айппұл салынды

Атырауда сот шешімімен Жылыой аудандық ТКШ бөлімінің басшысына 48 млн. теңгеге айппұл салынды, .     

«А.Әбенов Жылыой ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып жұмыс жасады. Өзінің қарындасына мемлекеттік сатып алуларда конкурста жеңіп шығуы үшін көмектесу мақсатында ол Атырау облысы мемлекеттік сатып алулар басқармасының мемлекеттік сатып алулар және мониторинг бөлімінің бас маманы К.Мұхтаровқа 1 600 000 теңге сомасында пара берді.  Әбенов ҚР ҚК 2-бөлімі 367-бабында көзделген қылмысты жасауға айыпты деп танылды. Оған 48 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды және   өмір бойы мемлекеттік қызмет лауазымына құқықтарынан айырылды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бұрын сот К.Мұхтаровқа 32 миллион теңге көлемінде  айыппұл салынған болатын. 

Хабарламаларға жазылу