Пандемия басталғалы кеңсе қызметкерлері үйден жұмыс істеу форматына көшті. Біржақты байлам жасау ерте. Дегенмен қазіргі ахуал бойынша сарапшылар не дейді? Еңбек нарығын зерттеп жүрген сарапшы Қайрақбай Жаңабеков енді бұл тәжірибе нарыққа енуі мүмкін екенін айтады. Расында, үйде отырып жұмыс істеудің жақсы жақтары бар. Таңертең ерте тұру, жұмысқа жиналу, жұмысқа жету, түскі асқа шығындалу тәрізді минустар жойылады. Бірақ үйде отырып жұмыс істеуге жұрттың бәрінің жағдайы келе ме? Ешкім кедергі келтірмейтін бөлек кеңістік бар ма, дегендей. Оның үстіне жап-жақын ас үйге бара беру, шектен тыс тамақтану процесі басталады. Әрі беріден соң, тоңазытқыш толтыру да оңай емес. Үйдегі атмосферадан жалығу өз алдына.
Нұр-Сұлтандағы асханалар желісінің меңгерушісі кеңседегілердің қашықтан жұмысқа көшкендерін жаратпайды әрине, өзіне түскі асқа келушілер екі есе азайған. Ал үйде жұмыс істеп отырғандар асхана тамағын сағынды ма? Осы тақырыптың кейбір қырларын Данияр Қайыртай зерттеп көрді.