Сауд Арабиясы қажылыққа рұқсат бермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясы қажылыққа рұқсат бермек

23.09.2020

Сауд Арабиясы қажылыққа қайта рұқсат беретін болды. Осы мақсатпен 6 мыңдай жергілікті мұсылман Меккеге қазанның 4-нен бастап бара алады. Айта кетсек, Исламның бес парызының бірін өтеуге жеті ай бұрын коронавирус пандемиясына байланысты тыйым салынғаны белгілі. Ал қазанның 18-де Саудияның 15 мыңдай азаматы мен осы елде тұрып жатқан шетелдіктер үшін қажылыққа және тағы 40 мыңдай адамға Ұлы мешітте намаз оқуға жол ашылады.

Корольдіктің ішкі істер министрлігі таратқан мәлімдемеге жүгінсек, әлем мұсылмандарына ұмраны немесе кіші қажылықты орындауға қарашаның 1-де рұқсат етіледі.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу