Праймериз-2020: Үміткерлер дебатқа түсуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Праймериз-2020: Үміткерлер дебатқа түсуде

21.09.2020

Сыр өңірінде «Nur Otan» партиясының ішкі іріктеу сайлауына 500-ден аса үміткер қатысып жатыр. Бүгінде «Праймеризде» бағын сынаған кандидаттар өзара дебатқа түсіп, сайлауалды бағдарламасын кеңінен таныстыруда. 

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрайымы, аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова партияішілік додаға қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі лебізін білдірді. Жалпы осы кезге дейін өңір бойынша «Праймериз» үміткерлерімен 47 пікірсайыс өтіп үлгерді. Іріктеудің екінші кезеңі 28 қыркүйекте аяқталады. 

Ә.Серікұлы


Хабарламаларға жазылу