Тәртіп сақшылары сайысқа түсуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәртіп сақшылары сайысқа түсуде

24.09.2018

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері сайысқа түсіп жатыр. 14 облыс пен 3 ірі қаладан келген мамандар заң, жол ережесі бойынша тест тапсырып, қызметтік қарумен жұмыс істеу, түрлі көлікті экстрималды жағдайда айдау сияқты 12 номинация бойынша сынға түседі. Жарыс 5 күнге жалғасады. Биыл үшінші рет өткізіліп отырған конкурстың талаптары мен ережелері де қатаңдатылған. Қатысушылар тарапынан да қызығушылық жоғары. Барлығы өз аймақтарында жеңімпаз атанған қызметкерлер.

Еркін Мүслімов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары:

- Қазір міне, номинация бойынша қарап отырсақ, бұрынғы қызметкерлердің біреуі жоқ. Бәрі жаңа қызметкерлер. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға өзінің мамандығы бойынша үлкен офицерлік шен алып, өз қызметіндле өсуіне де ынта береді.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу