Қостанайда студенттердің пікірсайыс турнирі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда студенттердің пікірсайыс турнирі басталды

23.01.2016
Қостанайда студенттердің  пікірсайыс турнирі басталды
Дебатқа еліміздің барлық облыстарындағы жоғары оқу орындарының және көршілес Ресейдің студенттері қатысады.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінде дәстүрлі халықаралық пікірсайысшылар турнирі басталды.

Дебатқа еліміздің барлық облыстарындағы жоғары оқу орындарының және көршілес Ресейдің студенттері қатысады. Яғни, 80 командаға топтасқан 160 шәкірт қызу пікірталаста өз ұстанымдарын қорғайтын болады.

Биылғы турнирдің тақырыбы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 25 жыл» деп аталады. Сайыс қазақ және орыс тілінде өтеді.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу