Елбасының АҚШ-қа сапары қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының АҚШ-қа сапары қорытындыланды

04.10.2015
Елбасының АҚШ-қа сапары қорытындыланды

АҚШ сапары айтарлықтай нәтижелі болды. Ақорданың бағасы осындай. 

«Біз үш бірдей ірі шараға  - жалпы дебатқа және екі саммитке қатыстық. Көптеген кездесулер өткіздік. Соның арасында АҚШ президенті мен америкалық ірі компания басшыларымен жүргізілген келіссөздер өте жемісті болды», - деді қорытынды кеңесте Президент.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ елі ұсынған бастамалар халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағаланғанын, енді оларды жүзеге асыру үшін өзге елдермен бірлесе жұмыс істеу керегін айтты.

Қорытындысында  Президент әкімшілігі мен Үкіметке және Сыртқы істер министрлігіне тиісті тапсырмалар берді.

 

 

Хабарламаларға жазылу