Еліміздегі жеңіл өнеркәсіп саласы қайтсе бәсекеге қабілеті болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі жеңіл өнеркәсіп саласы қайтсе бәсекеге қабілеті болады?

20.09.2020

«Nike» және «Adidas» сияқты әйгілі компаниялар Өзбекстанда өнеркәсіп ашатындарын - Андижанда спорттық аяқ киім тігетіндерін мәлімдеді. Оны өзбек жағы растаған. Былғары, тері және оларды ауыстыратын материалдарды, қаракөл өнімдерін өңдеп, дайындайтын тауар шығаратын ұйымдардың басын қосатын қауымдастық төрағасы Фахриддин Бобоевтың айтуынша, Өзбекстан сапалы тері шикізатының молдығы және арзан жұмыс күшінің арқасында таңдалған. Иә, Өзбекстанда жеңіл өнеркәсіптің әлдеқайда дамығаны рас. Мақта сияқты шикізат көзі де мол. Демек мол инвестиция тартып, Орталық Азияда жетекші, дәлірегі - қуатты мемлекетке айналу потенциалы зор. Аймағымызда – Орталық Азияда бұл бәсекенің басталатыны түсінікті еді. Президент соңғы Жолдауында мәселенің бір қырына - көлік-логистика кешенін дамытуға да тоқталып, бұл саладағы бәсекелестік өте күшті, Орталық Азия өңірінде пайда болған баламалы жобалар Қазақстанның көлік әлеуетін төмендетуі мүмкін, деген. Нарықта шынайы бәсеке керек. Ол – алға жылжытушы күш. Оның үстіне Орталық Азияның тұтас күшті болғаны тұтас Орталық Азия үшін маңызды. Дегенмен «алдымен экономика» деп келе жатқан біздегі есептер қандай? Данияр Қайыртай әңгімелейді.  


Хабарламаларға жазылу