Атырауда жарылғыш зат қойылды деген хабар түсті
Атырауда белгісіз ер адам «102» нөмеріне жасырын қоңырау шалып, облыстық Ішкі істер департаменті мен қалалық Ішкі істер басқармасы ғимараттарына жарылғыш заттар қойылды деген суыт хабар жеткізген.
Осы ақпарат алынысымен, барлық жеке құрам және келушілер дереу сыртқа шығарылды. Арнайы мамандар екі ғимаратты мұқият тексеріп, нәтижесінде жарылғыш құрылғының жоқ екендігі анықталды. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Гүлнәзира Мұхтарова, ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Арнайы қызмет бөлімдері мен кинологтар шұғыл іздестіру шараларын жүргізіп, ешқандай да жарылғыш заттарды тапқан жоқ. Қазіргі кезде, қоңырау шалған азамат анықталуда. ҚР Қылмыстық Кодексінің 242-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00