Жыл басында 14,7 пайызға өскен қуат көзінің бағасы 1 тамыздан тағы 16 процентке қымбаттаған. Қоғамдық кеңес мүшелерінің айтуынша, бағаны қымбаттатуға негіз жоқ, электр станцияларының 70 пайызы жаңартылған. Ал, тарифті тек тозығы жеткен желілерді ауыстыру үшін ғана көтеруге болады. Сондай-ақ, өңір электр қуатын қажетті мөлшерден 40 пайызға көп өндіреді. Энергетиктертер болса, биыл карантинге байланысты кәсіпорынның табысы азайғанын алға тартқан. «Бірақ олардың шығындарының бір бөлігін бюджеттен түскен қаражат жабады, сондықтан тарифті арттыруға себеп жоқ», - деп отыр қоғамдық кеңес мүшелері. Енді олар осы мәселені көтеріп, Парламент Сенатына хат жолдамақ.
Жасұлан Ахметов, Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі:
- 2020 жылдың басында тариф 14 процентке, енді міне 16 процентке тағы өсті. Осыдан жылу энергиясының, азық-түліктің, қызмет түрлерінің бағасы да да көтеріліп, инфляцияға әкеп соғуы мүмкін.
Сағындық Сәбитұлы