Жаңа бастамалар жүйелі жүзеге асырылуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа бастамалар жүйелі жүзеге асырылуы тиіс

03.09.2020

Ұстаз беделін арттыру, жас ғалымдарға грант бөле отыра ғылымға қолдау жасау. Президент Жолдауында айтылған мәселелер көп ұзамай шешімін тапса, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеуге оң ықпал етеді деп санайды көпшілік.  

Дария Қожамжарова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы:

- Егер де біз осылай оқыту жүйесін арттыратын болсақ, цифровизация тыңғылықты жүйемен жүргізілсе, онда одан шыққан қаржы технология күшімен атқарылған жұмыстың есебінен үнемделіп жасыл экономиканы дамытуға, ал одан түскен қаржы халыққа жұмсалады.

Дәулет Ауданбаев, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:

- Жас медиаторларымыз бар. Осы медиаторлардың басын қосып, қоғамдық кеңестерде жастардың болуы, жастар кеңесі, қоғамдық кеңестерде жастардың тартылуы үлкен мәселелерді шешуге тың серпіліс береді.

Хабарламаларға жазылу