Алматыда 1700-ден астам жолаушының автобуста маска тақпағаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 1700-ден астам жолаушының автобуста маска тақпағаны анықталды

03.09.2020

Алматыдағы қоғамдық көліктерде 1700-ден астам маска режимін бұзу дерегі тіркелді. Бұл автобустарда орнатылған бейнекамералар арқылы белгілі болды. 1100 дей адам маскасыз жүрген. 600-ден астам жолаушы оны дұрыс тақпаған. Қауіпсіздік шараларын ескертпегені үшін 1 жүргізуші жұмыстан шығарылып, 3-еуіне сөгіс жарияланған. 

Айта кетейік, бұл жоба тамыз айынан бастап қолға алынды. 2 бағдар бойынша жүретін 4 автобусқа 8 камера орнатылды. Ал осы айдың соңына дейін 32 автобусқа ақылды камера орнату туралы келісімге қол қойылды.

Ерлан Әділов, Қалалық мобильділік басқармасының басшысы:

- Жобаға сәйкес маскасыз жүрген жолаушы туралы ақпарат орталық диспетчерге жетеді. Оператор тез арада автобус жүргізушісіне хабарлап, шара қолданады. Маскасыз жолаушы автобустан түсіріледі немесе маска тағуға мәжбүр болады.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу