Елордада Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезі өтті

02.09.2020

Алдағы 5 жылда елдегі кәсіподақ қызметі түбегейлі өзгереді. Бұл туралы республикалық Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезінде айтылды. Алдымен Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев Мемлекет басшысының үндеуін жеткізді. Онлайн жиында саланы жаңа деңгейге көтеріп, еңбек ұжымдарының сенімін арттыру мәселесі көтерілді. Әсіресе шағын-орта бизнес өкілдерінің кәсіподақпен қамтылуы тым төмен. Сондықтан салалық ұйымдар санын көбейту көзделіп отыр.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

- 86 пайызға дейін кәсіподақ ұйымдарының төрағалары негізгі жұмысынан босатылмаған. Оны аппараттық немесе бюрократиялық жұмыс ретінде де қарастырып жүр. Ал кейбір жұмыс беруші болса оны өзінің бірі қалтасы, бөлігі ретінде қарағысы келеді. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу