Алматы облысының Іле ауданында Конституция күніне орай сервистік әкімдік ашылды. Боралдай кентінде орналасқан ескі ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, халықтың игілігіне пайдалануға берілген. Орталықта халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін мамандар «Open space» форматында қызмет көрсетеді.
Енді тұрғындар ауданның әр бұрышында орналасқан бөлімдерді іздеп сабылмайды. Жалпы облыста 8 сервистік әкімдік халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Жыл соңына дейін барлық ауданда осындай қызмет көрсету орталықтарын ашу жоспарланған.
Данияр Қоңырбаев, Боралдай кентінің әкімі:
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарының біраз қызметтерін өзімізге алып отырмыз. Бұл өте ыңғайлы халыққа. Өйткені аудан орталығына бару қажет емес. Осы жерге келіп өзіне қажетті құжаттарын толықтай ала алады.
Нұрхан Нұрланұлы