Көкшетаулықтар электр жарығының жиі өшетініне шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаулықтар электр жарығының жиі өшетініне шағымданды

29.08.2020

Көкшетаулықтар үйдегі тоққа қосылған техниканың барлығы күйіп кететін болды деп дабыл қағуда. Қаладағы бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары мамыр айынан бері электр энергиясынан қиындық көріп отыр. Жарық жиі өшеді. «Жауаптыларды табу оңай болмай тұр», - дейді олар. 

Көкшетаудағы Сүлейменов көшесіндегі көпқабатты үйлердің тұрғындары 3 айға жуық уақыт электр энергиясынан қиындық көріп отыр. Мұнда жүзге жуық пәтер бар.

Инна Кун, қала тұрғыны:

- 20 мамырдан бастап жарық сөніп қала беретін болды. Өте жиі өшеді. Одан бөлек кернеулігі өзгеріс тұрады. Салдарынан үйдегі техникаларымыз күйіп жатыр. Менде теледидар, кір жуатын машина және микротолқынды пеш істен шықты. Көршілерде де осындай жағдай. 

Сергей Красноусов, қала тұрғыны:

- Ешкім бізге нақты жауап бермей отыр. Бір мекеме басқасына, олар тағы біреуге сілтейді. Ал электр энергиясы үшін берешегіміз жоқ. Барлық пәтер иелері төлемді уақытылы жасайды.  

3 үйдің де электр желісі әбден тозығы жеткен бір қондырғыға қосылған. Ескі сымдар шамадан тыс жүктемеге шыдамайды. 

Алексей Колпаков, электр маманы:

- Үш үйдің әрқайсысында бөлек сым болу керек. Себебі бұл қондырғының қуаты жетпейді. Тағы бір мәселе бұл жерде техникалық қауіпсіздік мүлдем сақталмаған. Өте қауіпті. Кез келген уақытта жарылуы мүмкін.    

Тұрғындар жарықтың ақысын бір мекемеге төлейді. Ал желілер басқаның, яғни қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің меншігінде. Қызмет көрсететін ұйым тағы бір бөлек серістіктік.   

Әділбек Ақботаев, «Свет-Строй» мекемесінің өкілі:

- Мұны өзгерту тұрғындардың өздеріне байланысты. Біз кімге қарайтынын білмейміз. Осыған дейін тоқты әкеліп қойыппыз.

Осылайша электр энергиясы саласындағы мамандар олқылық тұрғындар тарапынан дейді. Пәтер иелері мәселені шешу үшін ақша жинауға әзір. Тек тараптар ортақ мәмілеге келуі керек. 

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу