17 тамыздан бастап қандай нысандар ашылады?
- Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, бутиктер, сауда желілері, жабық базарлар. Бірақ ішке кірген адамдардың саны жалпы сыйымдылығының 30 процентінен аспауы тиіс;
- Сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша);
- Бассейні жоқ фитнес орталықтары, моншалар мен сауналар. Бірақ жалпы сыйымдылығы 50 проценттен аспауы қажет;
- Балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге білім беру орталықтары. Бірақ бір топта 5 адамнан артық отырмауы шарт;
мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық емес);
- Ашық ауадағы аттракциондар;
- Қала ішіндегі қоғамдық көлік.
Алайда кәсіпкерлер www.infokazakhstan.kz порталында тіркеуден өтіп, санитарлық нормаларға сәйкестігі туралы актіні алу қажет. Порталда тіркелмеген кәсіпкерлер жұмысын бастай алмайды.
Қандай нысандар жабық болады?
- Барлар, түнгі клубтар, караоке, фудкорттар, кинотеатрлар, музейлер, көрмелер мен форумдар, бассейндер, жағажайлар мен ашық аквапарктер, діни нысандар, қала маңындағы жолаушылар пойыздары/электричкалар;
- Ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық шараларды өткізуге, тіпті, үйде отырыс ұйымдастыруға тыйым салынады;
- Жұмыс берушілерге қызметкерлердің кемінде 80 процентін қашықтан жұмыс жасау форматында ұстауға кеңес берілді.
Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады. Сенбі-жексенбі күндері ірі сауда орталықтары жабық болады.