Алматыда жұқпалы дерттің таралуы біршама азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жұқпалы дерттің таралуы біршама азайды

15.08.2020

Карантин шаралары жеңілдетілсе де, алматылықтардың демалыс күндері тауға шығып, демалуына әлі де тыйым салынады. Бұл туралы бүгін онлайн брифингте қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. Тауға шығуға қатысты шектеу шаралары өзгеріссіз қалады. Дегенмен, жұмыс күндері жаяу немесе велосипедпен санитарлық шараларды толық сақтап, тауға шығуға рұқсат етіледі. Алматы әкімдігі осыдан тура 1 ай бұрын мегаполистегі эпидахуалдың нашарлауына байланысты және коронавирустың таралуын болдырмау үшін демалыс күндері ұлттық парктер мен туристік нысандарға тыйым салған. Бұл шектеулердің нәтижесі жаман емес дейді қаланың бас санитар дәрігері.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері:

Сүзгілеу мен бақылау бекеттері орнатылған. Емделуге жатқызылатын немесе тексеруден өтетін тұрғындар, балалар мен жүкті әйелдер өзара араласпайды. Бұрынғыдай дәлізде бірге тұрмайды. Олар үшін жеке процедуралық және зертханалық кабинеттер, кіретін, шығатын орындар ұйымдастырылған.


Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу