Түркістан облысында Өзбекстанмен бірлескен тігін фабрикасы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында Өзбекстанмен бірлескен тігін фабрикасы салынады

14.08.2020

Түркістанда жаңа тігін фабрикасының алғашқы қазығы қағылды. Бұл – Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жобасы. Жаңа өндіріс ошағы «Turkistan» индустриалды аймағында орналасады. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев жобаның әлеуметтік маңызын атап өтті. Өйткені Фабрикада 1000-нан астам адам жұмыс істейтін болады. Әсіресе, тұрмысы төмен отбасынан шыққан қыз-келіншектер, мүгедек жандар жұмысқа алынады. Фабрикада айына 15 000 дана тоқыма өнімі тігіледі деп жоспарланған. Барлық мамандар Түркістандағы көпсалалы, қолөнер колледжінде оқып, білімін жетілдіреді. Айта кетейік, бұл фабрика өңірдегі өзбек капиталымен жүзеге асқан 40 жобаның бірі.

Гүлжазира Ғалиқызы

Хабарламаларға жазылу