Ақмолалық диқандар күзгі орақ науқанына кірісті. 17 ауданның 11-інде егін орылып жатыр. Алдағы күндері аграрлы аймақтың барлық аумағында жұмыс қыза түспек. Диқандар қолайлы ауа-райын күтуде. Биыл дәнді дақылдар 4 жарым миллион гектар аумаққа егілді. Оның 3 миллион 600 мыңы - бидай. Орақ науқанының алғашқы күндеріндегі көрсеткіш бойынша бидайдың шығымдылығы гектарынан 10 центр шамасында. Мамандар алдағы уақытта өнімділік жоғарлауы мүмкін деген болжам жасауда. Диқандар кепілдендірілген жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген. 8 мың техника бар.
Ербол Жүсіпбеков, Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Биыл жаз ыстық болды, сондықтан орақ науқаны жылдағыдан ертерек басталды. Жаңбыр жауып, кейбір аудандарда бірнеше күн жұмыс тоқтап қалған еді. Енді, міне, қайтадан кірісіп жатыр. Бидайдың сапасы жылдағыдан жаман емес. Қамырлығы 28-30. Кей алқаптарда одан да жоғары .
Ермек Елберген