87 және 90 жастағы қариялар індеттен айығып шықты
Шымкенттік дәрігерлер 90 жасқа таяған қос қарияны аман алып қалды. Соның бірі - Мария Тен. Қос өкпесі қабынып, ауруханаға ауыр халде жеткізілген ол жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Өздігінен дем ала алмаған әжей 22 күн бойы өкпені желдету аппаратымен тыныстап жатты. Білікті дәрігерлердің арқасында беті бері қарады. Ауруынан айығып ауруханадан шығар алдында Мария Тен ақ халаттыларға алғысын айтты. Ал Күлсара Қарсыбаева ауыр дәрежедегі пневмония дертін жеңді. Жүрегінде ақауы бар 90 жастағы әжейдің өкпесінің 70 проценті зақымданған еді. Ол 25 күнде жазылып шықты.
Гүлжазира Ғалиқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тегін дәрі-дәрмектер заңсыз сатылған
17.04.2026, 20:16
Жедел жәрдемнің қозғалысын картадан бақылауға болады
17.04.2026, 20:16
Ақтөбеде 19 күн бұрын жоғалған баланың денесі табылды
17.04.2026, 20:15
ТМД Сыртқы істер министрлері кездесті
17.04.2026, 20:13
Әлем чемпионаты $40 млрд пайда әкелуі мүмкін
17.04.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
17.04.2026, 20:10
«Superstar Kz» жобасына іріктеу жалғасып жатыр
17.04.2026, 20:08
Израиль мен Ливан атысты 10 күнге тоқтатты
17.04.2026, 20:08