Коронавирус індетінің салдарынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шығындары екі есеге қысқарды. Дегенмен сандарды сөйлету әлі ерте дейі Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі. Болат Тілепов тек өз ведомствосы тарапынан есеп берді. Айтуынша биыл ақпартттық жұмыстар мен қоғамдық даму институтының қызметін қамтамасыз ету үшін 277 миллион теңге бөлінді. Өткен жылы қаражат 530 миллионнан асқан. Айта өтейік, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында барлығы 13 жоба жүзеге асып жатыр.
Болат Тілепов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
Пандемия кезінде өзіңіз білесіз көптеген шаралар қысқарды, бірқатар шаралар онлайн форматқа көшті бұның барлығы шаралардың жалпы құнына әсер етеді. Ал енді ол қаншаға қысқарды, ол алдағы уақытта белгілі болады. Сол кезде нақты цифрларды айтатын боламыз.
Ләйлә Дулат