Шымкенттегі провизорлық орындар 80%-ға қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі провизорлық орындар 80%-ға қысқарды

12.08.2020

Шымкентте індетке шалдыққандар күн сайын азайып келеді. Соның дәлелі қаладағы провизорлық стационарлардағы төсек-орындардың 80 пайыздан астамы босады. Медициналық мекемелер тамыз айынан бастап қалыпты жұмыс режиміне көшті. Яғни, науқастар жоспарлы түрде бұрынғыдай ем қабылдай алады. Айта кетейік, осы күнге дейін Шымкентте 5114 адам короновируспен ауырып, оның 3865-і құлан таза айығып шықты.

Темірхан Варзилов- Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Шымкент қаласында 2810 төсек орын бар. оның ішінде 650–і инфекциялық. 2160–ы провизорлық орын. Соның 81 пайызы, яғни 2603 бос тұр. Емханалар жанынан 211 мобильді бригада құрылған. Олар үйінде емделген 21 мыңға жуық науқасқа қатынап, көмек көрсетті. 


Гүлжазира Ғалиқызы 

Хабарламаларға жазылу