Бүгін Қырғызстанда Ұлттық аза тұту күні. Ел Президенті Сооронбай Жээнбеков бастаған ресми тұлғалар «Атабейіт» мемориалды кешенінде коронавирустан көз жұмғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алып, құран бағыштады. Сондай-ақ, діни орындарда күні бойы тиісті іс-шаралар өткізілді. БАҚ кестесін толықтай өзгертті. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылды.
Алла Гаврина