Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін уақытша атқарады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына ҚР Үкіметінің Қаулысымен тағайындалған бірінші вице-министр Бағдат Мусинді таныстырды, ол уақытша министр қызметін атқаратын болады.
А.Мамин Мемлекет басшысы министрліктің алдына мемлекеттік қызметтер мен экономика салаларын цифрландыру жөнінде нақты міндеттер қойғанын атап айтты. Денсаулық сақтау және білім беру саласын цифрландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Барлық осы маңызды міндеттерді іске асыру, әсіресе, пандемия кезінде зор маңызға ие. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету, Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамыту қажет.
Мусин Бағдат бұған дейін ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі лауазымын атқарды.