Коронавирус жұқтырған медқызметкерлерге 2 млн теңгеден өтемақы төлене бастады
Коронавирус жұқтырған медқызметкерлерге 2 млн теңгеден өтемақы төлене бастады.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
«Өтемақы Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің бірлескен бұйрығына сәйкес төленеді. Төлем операторы ретінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бекітілген. Бүгінге дейін өтемақы алуға 6 өңірден 123 өтініш келіп түсті. Ереже бойынша үш жұмыс күнінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бұл азаматтарға 2 млн теңгеден төлеуі тиіс. Бұл өтінімдердің ішінде қызмет бабымен қайтыс болған медицина қызметкерлері жоқ. Олар бойынша әлі өтінім берілмеді», - деді министр брифингте.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тегін дәрі-дәрмектер заңсыз сатылған
17.04.2026, 20:16
Жедел жәрдемнің қозғалысын картадан бақылауға болады
17.04.2026, 20:16
Ақтөбеде 19 күн бұрын жоғалған баланың денесі табылды
17.04.2026, 20:15
ТМД Сыртқы істер министрлері кездесті
17.04.2026, 20:13
Әлем чемпионаты $40 млрд пайда әкелуі мүмкін
17.04.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
17.04.2026, 20:10
«Superstar Kz» жобасына іріктеу жалғасып жатыр
17.04.2026, 20:08
Израиль мен Ливан атысты 10 күнге тоқтатты
17.04.2026, 20:08