Дәріханаларға мобильді қосымша енгізілді

11.07.2020

Түркістандықтар дәрілердің бағасын енді телефон арқылы бақылай алады. Бұл- қала әкімдігінің әлеуметтік жобасы. Мобильдік қосымшаға шаһардағы 138 дәріхананың тізімі, мекенжайы, байланыс нөмерлері енгізілген. Тұрғындар кез-келгенін басып, өзіне керекті дәрілердің бар-жоғын, бағасын біле алады. Қымбаттағанын байқаса, "шағымдану" деген батырманы басып, шағым қалдыра алады. 

Хабарламаларға жазылу