«Тұлпар-Тальго» пойыздарына қосымша жеңілдіктер енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тұлпар-Тальго» пойыздарына қосымша жеңілдіктер енгізілді

30.10.2015
«Тұлпар-Тальго» пойыздарына қосымша жеңілдіктер енгізілді

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы 2015 жылдың 30-қазанынан бастап, кейбір «Тұлпар-Тальго» пойыздарына қосымша жеңілдіктер енгізілетінін хабарлайды, деп жазады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, №90 «Қызылорда - Астана» пойызына (Қызылордадан шыққанда) 20 пайыз көлемінде жеңілдік қарастырылған. Бұдан бөлек келесі пойыздарға аптаның әр күндеріне орай төмендегідей жеңілдіктер белгіленді:

-№1 «Алматы - Астана» және №701 «Алматы - Петропавловск»  пойыздарына аптаның жұма мен сенбі күндері 15 пайыз жеңілдік  қарастырылған;

- №2 «Астана - Алматы» және №702 «Петропавловск - Алматы» пойыздарына аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері 10 пайыз  жеңілдік қарастырылған;

- №67 «Защита - Астана»   дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері 15 пайыз жеңілдік қарастырылған;

- №68 «Астана - Защита» дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері 15 пайыз жеңілдік  қарастырылған.

Сонымен қатар, бұрын енгізілген икемді жеңілдіктер мен жолаушылардың 3 тобына арналған дисконтты карталардың да күші сақталады: 

1) «Құрмет» -60 жас пен одан ересек адамдар үшін 30 пайыз;

2)  «Жастар» - 16-25 жас аралығындағы жастар үшін 30 пайыз; 

3)   «Саяхатшы» -тұрақты жолаушылар үшін 10-20 пайыз.

Хабарламаларға жазылу