Коронавирусты емдеуге арналғар дәрілер жайында нені білу қажет? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусты емдеуге арналғар дәрілер жайында нені білу қажет?

09.07.2020
Коронавирусты емдеуге арналғар дәрілер жайында нені білу қажет?

Ыстық түсіретін дәрілер 

Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінде отандық және шетелдік өндірушілер шығаратын, халықаралық патенттелмеген Парацетамол деген аты бар және түйіршек, суспензия, суппозиторий, ұнтақ түріндегі құрамында парацетамолы бар препараттың 86 атауы тіркелген. Барлығына белгілі әрі жақсы көретін парацетамол әсіресе бауыр мен бүйрекке өте уытты. Ол бақылаусыз әрі еш себепсіз ішкен кезде аллергиялық аурулардың және созылмалы демікпенің ушығу тәуекелін арттырады. Егер тұмау немесе қызылшаға шалдыққан науқастар бұл дәріні ішсе, Рея синдромы не болмаса өткір бауыр жетіспеушілігін қоздырып, адам өліп те кетуі мүмкін. 

Анальгин қан жасушыларының түзілуін зақымдап, қанырауға және аллергиялық реациялардың ауыр түріне алып келуі ықтимал. 

Ибупрофен - ыстық түсіретін дәрілердің ішіндегі ең қауіпсіздеуі. Дегенмен бұл дәріні ішкен кезде жүрек айнып, лоқсу болуы мүмкін. Асқазанның шырышты қабығы тітіркенуі мүмкін. Дәріні бақылаусыз ішу созылмалы гастрит, асқазан жарасын өршітіп, ағзадағы сұйықтықтың іркілуіне, көру қабілетінің бұзылуына алып келуі мүмкін. Оны парацетмолмен бірге ішуге болмайды. 

Қазақстанның коронавирус инфекциясын емдеу жөніндегі клиникалық хаттамасында ыстық түсіретін осы екі дәрі ұсынылады. Бірақ, дозасы шектеулі және дене қызуы 38 градустан жоғары болған кезде ғана пайдалану керек. Дозасы 500 мг Парацетамолды немесе 200-400 мг Ибупрофенді тәулігіне 4 түйіршектен артық ішпеу қажет. 

Вирусқа қарсы препараттар 

Вирусқа қарсы сипаттағы 29 препараттың ішінде Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ мен өткір респираторлқ ауруларды кешенді емдеу үшін тек 23 дәрілік затты ішуге кеңес береді. Олардың қатарында Арпефлю, Ремантадин, Эргоферон, Ингавирин, Арбидол және Кагоцел бар. 

Ең алдымен, олардың COVID-19-ды емдеу кезіндегі тиімділігі дәлелденбеген және амбулаторлық жағдайда емдеудің клиникалық хаттамасында вирустың жеңіл түрі кезінде вирусқа қарсы препараттарды қабылдауға баланысты да ештеңе айтылмаған. Екіншіден, бұл препараттардың көмегімен иммунитет жасанды түрде қолдау алып отырады. Ал адам оларды ішуді қойған сәттен-ақ ағза толықтай қорғаныссыз қалады. Демек, ауруға шалдығу мүмкіндігі бірнеше есе арта түседі деген сөз. 

Антибиотиктер 

Вирусқа қарсы препараттармен қатар антибиотиктер еш талғамастан қолданылады. Жалпы, вирустық инфекцияны антибиотикпен емдеудің пайдасы жоқ. Аурудың жеңіл түрі кезінде антибиотик ішуге кеңес берілмейді. 

Антибиотиктерді ұзақ уақыт ішу оған төзімділікті арттырады. Демек, шынайы қажеттілік кезінде немесе аурудың ауыр ағымы кезінде дәрігерлер сізге емдеу әдісін және препараттарды іріктеуде қиналатын болады. Бұған қоса, бауыр мен бүйректі химиялық заттармен толтырып тастау тәуекелі де жоғары. Антибиотиктерді пробиотиктермен бірге ішкен жөн. Оларды барлық уақытта толық емдеу курсымен ішу қажет. Антибиотик қабылдаған кезде ішімдік ішуге болмайды.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу