20 жыл құлдықта болған қазақстандық әйел - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 жыл құлдықта болған қазақстандық әйел

28.06.2020

Жұмыссыздық деңгейі өсіп, экономиканың түрлі салалары дағдарысқа ұшырап жатқанда еңбек құлдығы өршуі мүмкін. Мұны БҰҰ көші-қон агенттігінің мамандары айтады. Жалпы, біреулердің босағасында құл деп айтқан біртүрлі, мүсәпір адамдар жүретіні туралы әңгімелер оқтын-оқтын шығып тұрады. Сондай-ақ, шет мемлекеттерде, мысалы, Бахрейнде, секс-құлдықта болған Қазақстан азаматтарының құтқарылып жататыны туралы хабарлар естиміз.  

Құлдықтың бұл түріне қыздар өз елімізде де тап болып жатады. Оның бірі қазір Нұр-Сұлтандағы дағдарыс орталығына қашып келген. Ал 20 жылдан аса кісі есігінде жүрген Мәдинаның оқиғасын естіп, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Бір кісіге» деген өлеңіндегідей «ішінде нақақ көзден жас бар ма, деп» кімге сұрақ қоярсың деп ойлайсың.

Данияр ҚАЙЫРТАЙ


Хабарламаларға жазылу