Алматыда крематорий салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда крематорий салынады

08.06.2020

Алматы әкімдігі крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжатын даярлауға тендер жариялаған. Техникалық сипаттамасына сай, крематорий бір залдан және екі пештен тұрады. Жоба құжатын әзірлеуге 46,8 млн теңге бөлінген. Ол Алатау ауданындағы жаңа мәйітхананың ғимаратына жақын жерден салынады, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуға тиіс. Бұл туралы шаһар билігі жақын күндері қосымша мәлімет беретінін жеткізді. Естеріңізге салайық, Қазақстандағы крематорий құрылысы туралы мәселе 1987 жылдан бері көтеріліп келеді.

Қуан НҰРАҚЫН


Хабарламаларға жазылу