Алматыда дельфинарий мен мұзайдын салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда дельфинарий мен мұзайдын салынады

02.06.2014
Алматыда дельфинарий мен мұзайдын салынады
Алматыда Орталық мәдениет және демалыс саябағында дельфинарий мен мұзайдын салынады. Қала әкімі Ахметжан Есімов нысан жобасының эскизін мақұлдады, - деп хабарлайды Алматы қаласының баспасөз қызметі.
 
Нысанның жалпы аумағы 7300 шаршы метрді құрайды. 750 орынға есептелген. Дельфинарий аумағы 1000 шаршы метр, ал мұзайдынның сыйымдылығы 900 адамға лайықталған. 2014 жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.
 
Есімовтің айтуынша, бұл нысандар әлеуметтік-мәдени маңызға ие болмақ. Сонымен қатар, дельфинариде түрлі ауруға шалдыққан балалар сауықтыру-емдеу курсынан өтетін болады.
 
Қазіргі уақытта Орталық мәденит және демалыс саябағында қайта жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 10 мың шаршы метр аумақты көгалдандырып, гүлзарлар жасалып, демалушылар отыратын 200 орындық орнатылды. Одан бөлек амфитеатр қайта жөндеуден өтіп, жаңа автокөлік тұрағының құрылысы жүргізілуде.

Хабарламаларға жазылу