Алматыдағы крематорий мамыр айында пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы крематорий мамыр айында пайдалануға беріледі

25.03.2022

Алматыдағы жылу электр станциясының жанынан салынған крематорий мамыр айында пайдалануға беріледі. Құрылысы 2021 жылдың маусым айында басталып, желтоқсанда аяқталған нысанда қазір сыртқы инженерлік желілерді орнату және газ тарту жұмыстары жүріп жатыр.

Онда алдағы уақытта мәйіттермен қатар биологиялық және медициналық қалдықтар өртеледі. Жоба құны 1 млрд теңгеден асады.

Айта кетейік, Қазақстанда крематорий салу мәселесі 1987 жылдан бері көтеріліп келген еді.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу