Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады

06.02.2024

Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады. Вокзал қаланың Алатау ауданы «Мәдениет» шағын ауданы маңында бой көтермек. Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар ағынының бір бөлігін қайта бағыттауға, қосымша жолаушылар пойыздарын енгізуге мүмкіндік береді. Осылайша қаланың жол инфрақұрылымындағы көлік жүктемесі азаймақ. Жоба бұған дейін жарияланған бірқатар құжатта, соның ішінде қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында қарастырылған.

Жанат Айтілеу, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ ЖШС бөлім басшысы:

Биыл техника-экономикалық негіздемелер жасалып жатыр сол жоба анықтайтын болады. Ол көлемі қанша, қанша қаражат керек соның барлығы жасалып есептеледі одан кейін келесі жылдары сол вокзалдың құрылыс жобасы жасалады, сол бекітілгеннен кейін құрылыс жұмыстары басталады.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу