Алматыда трамвай жолының орнына LRT салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда трамвай жолының орнына LRT салынады

03.08.2023

Алматыда трамвай жолының орнына LRT салынады. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша жолақтың жалпы ұзындығы 79 шақырым. Құрылыс үш кезең бойынша жүзеге асады. Бірінші және екінші бөлігі 2030 жылға қарай аяқталса, үшінші желі 2040 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Әзірлік жұмыстары қаланы дамытудың бас жоспары бекітілгеннен кейін басталады дейді жауаптылар. Ірі жобаның инвестиция көлемі, қаржыландыру көздері мен нақты құрылысты бастау мерзімі техникалық-экономикалық негіздеме бекітілгеннен кейін белгілі болмақ. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу