Елімізде коронавирустан 4 адам қайтыс болды

05.06.2020

Өткен тәулікте елімізде коронавирустан төрт адам қайтыс болды. Оның бірі  — 1944 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, ал Шымкентте көз жұмған 70 жастағы кейуана.

1957 жылғы Екібастұз қаласының тұрғыны да дертінен айыға алмады. Ол індет жұқтырған адаммен байланыста болып, 17 сәуірде ауруханаға түскен. Науқастың бұрынғы аурулары асқынып, жүргізілген емге қарамастан көз жұмды.

Індеттің құрбаны болған қарағандылық азамат болса, дене қызуы 38,7 болып провизорлық госпитальға түскен. Өкпесі қабынған науқастың тыныс алуы да қиындаған. Марқұм бұған дейін қант диабетімен ауырған.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу