Елімізде коронавирустан 2 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирустан 2 адам қайтыс болды

09.06.2020

Кеше елімізде Covid-19 дертінен екі адам қайтыс болды. Екібастұз қаласында 1957 жылғы әйел азамат індетті жеңе алмай, көз жұмды. Ол 26 мамырда температурасы көтеріліп, тыныс алуы қиындап ауруханаға түседі. Алғашқы тест теріс нәтиже көрсеткен. Бірнеше күннен кейін алынған екінші талдауы оң боп шықты. 3 маусымнан бері жасанды желдету аппаратына қосылған. Алайда, кеше сұм ауруға шыдас бере алмай, көз жұмды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында 1966 жылы туған ер адам аурудың құрбаны болды. Ол 1 маусым күні жедел жәрдеммен ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның тыныс алуы қиындап кеткенін тіркеген. Бір апта дертпен күрескен науқас өкінішке қарай жан тәсілім етті.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу