Елімізде коронавирустан тағы 6 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде коронавирустан тағы 6 адам қайтыс болды

11.06.2020

Қазақстанда коронавирустан тағы 6 адам қайтыс болды. Бұл осы уақытқа дейін бір күнде тіркелген ең көп дерек. Нұр-Сұлтанда 47 мен 70 жас аралығындағы 4 ер адам мен Батыс Қазақстан облысында 79 жастағы әжей және Қарағандыда 67 жастағы ер адам аурудан айыға алмай, көз жұмды. Жалпы, осы уақытқа дейін Covid-19 дертінен елімізде 67 адам қайтыс болған. Ал кеше ел бойынша 239 адамнан індет табылған. Жалпы науқас болғандар саны 13 жарым мыңнан асты. Олардың 8 жарым мыңға жуығы жазылып шыққан. Сондай-ақ кеше ауру белгілері жоқ 393 тасымалдаушы тіркелген. Жалпы симптомсыз науқастардың ресми саны 2 жарым мыңнан асты.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу