Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 12 мыңнан асып кетті

05.06.2020

Қазақстанда кеше өкінішке қарай 4 адам коронавирустан қайтыс болды. Жалпы осы уақытқа дейін Covid-19 дертінің ілмегіне ілініп көз жұмғандардың саны 52-ге жетті. Ал өткен тәулікте 245 адамның қауіпті дертпен ауырғаны белгілі болды. Жалпы елімізде бұл ауруға шалдыққандардың саны 12 мыңнан асып кетті. Ал олардың 6 жарым мыңнан астамы аурудан айығып шықты.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу