Алматы облысында делтаплан құлады: Зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр

02.06.2020

Алматы-Өскемен тасжолында екі кісілік дельтапланмен құлаған азаматшаның жағдайы ауыр.

Естеріңізге сала кетсек, Қапшағай маңында ұшып жүрген дельтапланның қозғалтқышы өшіп қалып, тасжолға құлаған. Онда болған екі адам - ерлі-зайыпты, Алматы қаласының тұрғындары. Ер азамат жеңіл жарақат алып, ауруханаға жатудан бас тартты. Ал оның 1996 жылғы жұбайы түрлі дене жарақаттарымен Қапшағай қалалық орталық ауруханасында жатыр.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу