Ақтөбе облысындағы жер үйде болған жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысындағы жер үйде болған жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы ауыр

12.04.2021

Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы үйлердің бірінде болған жарылыстан зардап шеккен үш бала мен екі әйелдің жағдайы ауыр. Балалардың денесінің 35-40 пайызын күйік шалған.

Оларға көмек көрсетуге облыс орталығынан комбустиолог мамандар барды. Апалы-сіңлілі екі әйелдің де жағдайлары ауыр. Тағы бір ер адам хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Олардың барлығы кеше Ақжар ауылындағы үйлердің бірінде болған жарылыстан зардап шеккен еді. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық, баспананың бір бөлігі опырылып түскен. Төтенше жағдайлар қызметі баспананың ішінен 5 литрлік құтыда газ конденсаты сақталғанын анықтады.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу