Алматыда автобус қаққан әйелдің жағдайы аса ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда автобус қаққан әйелдің жағдайы аса ауыр

13.09.2023

Алматыда автобус қаққан әйелдің жағдайы аса ауыр. Комаға түсіп қалған науқас аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жасанды демалдыру аппаратына қосылғанын айтады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Абай даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер жолағында екі адамды автобус қағып, бір адам сол жерде көз жұмды. Апаттың қалай орын алғаны видеоға анық түсіп қалған. Онда жаяу жүргіншіге арналған жолақпен екі адамның емін-еркін өтіп бара жақтаны көрініп тұр. Полиция, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады. Қазір сараптама тағайындалған.  


Әйгерім Ердәулет 

Хабарламаларға жазылу