Дональд Трамп АҚШ-тағы тәртіпсіздікті әскери күштердің көмегімен тоқтатуға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп АҚШ-тағы тәртіпсіздікті әскери күштердің көмегімен тоқтатуға дайын

02.06.2020
Дональд Трамп АҚШ-тағы тәртіпсіздікті әскери күштердің көмегімен тоқтатуға дайын

АҚШ президенті Дональд Трамп қоғамда наразылық тудырған америкалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған митингтер мен тәртіпсіздікті тоқтату үшін әскери күштердің көмегін пайдалунға дайын екенін жеткізді. Қазіргі таңда жаппай толқулар Құрама Штаттардың бірнеше қаласында жалғасып жатыр. Шеруге шыққандар сауда орталықтары мен үйлерді тонап, қиратуда.


1878 жылғы Posse Comitatus Act заңына сәйкес, «Ақ үй» басшысының бұл шешімін конгресс қолдамаса, ел ішінде әскери күштерді пайдалануға болмайды. Алайда Трамп 1807 жылы қабылданып, бірақ бірде-бір рет қолданылмаған Insurrection Act заңын алға тартып отыр. Бұл құжатқа сәйкес президент елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер мен көтеріліс кезінде қарулы күштер құрамын пайдалануға мүмкіндік алады.

Дональд Трамп елдің бірнеше аймағында орын алған тәртіпсіздіктер мен зорлық-зомбылық деректерін ішке террор деп бағалайтынын мәлімдеді.

ВВС


Хабарламаларға жазылу