Басты Жаңалықтар Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды

Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды

Қырғызстан парламентінің экс-спикері Мұқар Чолпонбаев коронавирустан қайтыс болды. 70 жастағы қоғам қайраткері мамырдың 5-і күні ауруханаға түскен. Дәрігерлер науқастың жұқпалы дерттен басқа, созылмалы аурулары болғанын хабарлады. Жалпы Қырғыз елінде COVID-19-дан 16 адам көз жұмған. Дертке шалдыққандар саны 1433-ке жетсе, олардың мыңға жуығы емделіп шықты. 

Ал Израильде алғаш рет премьер-министрге қарсы сот отырысы өтті. Биньямин Нетаньяху жемқорлық, алаяқтық, қызметін асыра пайдалану баптары бойынша айыпталып отыр. Алайда, үкімет басшысы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып келеді. Келесі сот отырысы шілде айына белгіленген. Егер Нетаньяху кінәлі деп танылса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Бөлісу